16 наурыз 2025, 01:55
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.01.2024 10:08 #Қаржы құралдары

25 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында QUALCOMM Inc. US7475251036 (QCOM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 25.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 09 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, QUALCOMM, Inc. (АҚШ) US7475251036 ("KASE Global" секторы, QCOM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 29 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 04 наурызынан бастап қайта басталады.

[2024-01-25]