Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE Листингілік комиссиясы "Agriqa Азия" ЖШС KZ2P00010481 (AGQApp1) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
/KASE, 29.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 28 желтоқсанында "Agriqa Азия" ЖШС (Түркістан облысы) KZ2P00010481 ($1 000; $1,2 млн; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға AGQApp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.
[2023-12-29]