15 наурыз 2025, 23:49
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.12.2023 16:38 #Қаржы құралдары

15 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "KazWind Energy" ЖШС ("КазВинд Energy") KZ2P00010119 (KZWEb1) "жасыл" облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 13.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың 15 желтоқсанынан бастап "KazWind Energy" ЖШС ("КазВинд Energy") (Астана) KZ2P00010119 "жасыл" (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, KZWEb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 17.10.23-17.10.28; жартыжылдық купон, жылдық 21,75 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылады.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2023-12-13]