15 наурыз 2025, 22:48
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.12.2023 10:21 #Қаржы құралдары

"Agrobusiness KZ" кредиттік серіктестігі" ЖШС KZ2P00010390 (MFABb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 12.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 11 желтоқсанында "Agrobusiness KZ" кредиттік серіктестігі" ЖШС (Өскемен) KZ2P00010390 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 10 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигациялардың баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға MFAbb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

"Agrobusiness KZ" кредиттік серіктестігі" ЖШС қызметінің негізгі түрі – кредиттер беру.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2023-12-12]