"ҚазТрансОйл" АҚ еншілес компаниясы "Астрахань–Маңғышлақ" магистральдық суағызғысын жаңғырту үшін 20 млрд теңге тартты
/KASE, 27.11.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) 2023 жылдың 27 қарашасында KASE-ге ұсынған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"Астрахань-Маңғышлақ" магистральдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту, 1 кезек" инвестициялық жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы қаражат беру шеңберінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-нің (қатысу үлесінің 100% - ы "ҚазТрансОйл" АҚ-қа тиесілі) 20 млн облигациясын жалпы сомасы 20 млрд теңгеге сатып алды.
Өз кезегінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ жобаны қаржыландыру үшін "Самұрық-Қазына" АҚ-тан 20 млрд теңге сомасына осындай облигациялық қарыз тартты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен жобаны іске асыруға "Самұрық-Қазына" АҚ-қа Ұлттық қорынан 70 млрд теңге көлемінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді, оның 50 млрд теңгесі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-тан облигациялық қарыз түрінде "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС 2023 жылдың сәуірінде тартылды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды:
[2023-11-27]