Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 30.10.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 200 000 000 дана;
- компанияның 166 639 957 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ болып табылады.
[2023-10-30]