KASE "БИРЖАЛЫҚ СИМУЛЯТОР" БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУ САУДА-САТТЫҒЫН ӨТКІЗЕДІ
/KASE, 10.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығының екінші кезеңінің басталғаны туралы хабарлайды.
Оқу сауда-саттықтары 2023 жылдың 02 қазанынан 02 қарашаға дейін өткізіледі.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. Жоба аясында сауда-саттыққа қатысушыларға 60-тан астам қаржы құралы қолжетімді болады.
KASE Mobile мобильді қосымшасын Google Play немесе App Store дүкенінен жүктеу арқылы оқу сауда-саттығына қатысуға болады.
Тіркелу үшін электрондық нысанды толтыру қажет – толығырақ
Жобаға қатысу мәселелері бойынша bs@kase.kz немесе customers@kase.kz электрондық пошта мекенжайларына жүгіну қажет.
"Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді – толығырақ
[2023-10-10]