Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"КоЖаН" АҚ жалғыз акционері компанияның 2022 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекітті
/KASE, 28.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КоЖаН" АҚ (Атырау) KASE-ге оның жалғыз акционерінің 2023 жылдың 24 шілдесіндегі шешімдері туралы хабарлады.
Акционер, оның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады:
- компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2022 жылғы таза табысы 24 315 333 000 теңге мөлшерінде бөлінбесін және компанияның бөлінбеген табысында қалдырылсын, 2022 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төленбесін.
Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – толығырақ
[2023-07-28]