16 наурыз 2025, 01:05
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.06.2023 12:01 #Корпоративтік уақиғалар

"КоЖаН" АҚ-ның 2022 жылғы қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебі жарияланды

/KASE, 06.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КоЖаН" АҚ (Атырау) KASE-ге компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебін ұсынды.

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):

---------------------------------------------------------
Көрсеткіш                            31.12.22    31.12.21
---------------------------------- ---------- -----------
Меншікті капитал                   35 155 686 109 722 376
Жиынтық активтер                   64 945 567 126 438 931
Жиынтық міндеттемелер              29 789 881  16 716 555
Сату көлемі                        91 031 910  85 418 992
Жалпы табыс                        70 120 747  64 711 108
Таза пайда (таза шығын)            24 315 333  22 199 507
Жай акцияның баланстық құны, теңге      3 263      10 200
ROA, %                                  37,44       17,56
ROE, %                                  69,16       20,23
ROS, %                                  26,71       25,99
---------------------------------------------------------

Компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "Эрнст энд Янг" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес қаржылық есептілік 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "ҚоЖаН" АҚ-ның қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражатының қозғалысын барлық маңызды қатынастарда анық көрсетеді.

Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ

[2023-06-06]