16 наурыз 2025, 02:51
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.05.2023 17:15 #Қаржы құралдары

16 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында екі шетелдік эмитенттің ETF бағалы қағаздарымен сауда саттық ашылады

/KASE, 15.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (ҚББ) 2023 жылдың 16 мамырынан бастап KASE-де iShares Inc және Franklin Templeton Investments, Inc. шетелдік эмитенттерінің мынадай ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:

  • US4642867075 ("KASE Global" секторы, EWQ_KZ) iShares MSCI France ETF;
  • US35473P6786 ("KASE Global" секторы, FLGB_KZ) Franklin FTSE United Kingdom ETF.

KASE сауда-сатық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздардың баға белгілеу дәлдігі АҚШ долларымен көрсетілген қағаз бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген.

[2023-05-15]