Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"YURTA" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ-ның жалғыз акционері акционердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен Қоғамның 176 562 жай акциясын қосымша орналастыру туралы шешім қабылдады
/KASE, 11.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "YURTA" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ (Алматы) оның жалғыз акционерінің 2023 жылдың 06 сәуіріндегі шешімдері туралы KASE-ге хабарлады:
- қоғамның жарияланған жай акцияларын 176 562 дана көлемінде қосымша орналастыруды жүзеге асыру;
- орналастыру бағасын бір акция үшін 2 831,87 теңге мөлшерінде анықтау;
- жалғыз акционердің қоғам акцияларын басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен жай акцияларды орналастыруды жүзеге асыру.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2023-04-11]