15 наурыз 2025, 23:59
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.04.2023 20:26 #Қаржы құралдары

KASE Листингілік комиссиясы "Express Finance Group" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00009525 (MFEFpp1) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

/KASE, 10.04.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 10 сәуірінде "Express Finance Group" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00009525 (1 000 теңге; 1 000 000 000,00 теңге; 7 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингтік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға қысқартылған MFEFpp1 белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады.

[2023-04-10]