16 наурыз 2025, 01:59
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.04.2023 10:18 #Корпоративтік уақиғалар

03 СӘУІРДЕН БАСТАП KASE "БИРЖАЛЫҚ СИМУЛЯТОР" БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУ САУДА-САТТЫҒЫН БАСТАЙДЫ

/KASE, 03.04.23, 28.03.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 03 сәуірінде "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда- саттықтарының ресми ашылу рәсімі өтетінін хабарлайды.

Оқу сауда-саттықтары екі кезеңде өткізілетін болады:

  • бірінші кезең – 2023 жылдың 03 сәуірінен 31 мамырына дейін;
  • екінші кезең – 2023 жылдың 02 қазанынан 30 қарашасына дейін.

"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. Жоба шеңберінде сауда-саттыққа қатысушыларға 60-тан астам қаржы құралы қолжетімді болады: KASE Индексінің өкілеттік тізімінің акциялары, шетелдік эмитенттердің акциялары, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары.

KASE Mobile мобильді қосымшасын Google Play немесе App Store дүкенінен жүктеу арқылы оқу сауда-саттығына қатысуға болады.

Тіркелу үшін электрондық нысанды толтыру қажет – толығырақ

Жобаға қатысу мәселелері бойынша электрондық пошта мекен-жайларына хабарласуыңызды сұраймыз bs@kase.kz немесе customers@kase.kz.

"Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша қолжетімді.

[2023-04-03]