07 шілдеден бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында Fortinet, Inc. US34959E1091 (FTNT_KZ) жай акцияларының жарияланған және орналастырылған саны туралы ақпарат өзгертіледі
/KASE, 05.07.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2022 жылдың 07 шілдесінден бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және деректер базасында US34959E1091 ("KASE Global" секторы, FTNT_KZ) Fortinet, Inc. (АҚШ) жай акциялары бойынша келесі ақпаратты өзгерту туралы шешім қабылдады:
- жарияланған жай акциялардың саны 163 320 200-ден 802 635 635 данаға;
- орналастырылған жай акциялардың саны 138 974 111-ден 681 827 730 данаға.
2022 жылдың 07 шілдесінен бастап KASE-де 2022 жылдың 24 маусымынан бастап тоқтатылған аталған акциялардың сауда-саттығы қайта жандандырылатын болады.
Бұрын осы тақырып бойынша KASE-нің 2022 жылдың 24 маусымындағы жаңалықтары жарияланған болатын "24 маусымнан бастап KASE-де Fortinet, Inc. (FTNT_KZ) Us34959e1091 (FTNT_KZ) жай акцияларымен сауда- саттық тоқтатылды." – толығырақ
[2022-07-05]