АНОНС: 22 ЖЕЛТОҚСАНДА KASE "ЖАУАПТЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУ ҚАҒИДАТТАРЫ (PRI)" ОҚЫТУ ВЕБИНАРЫН ӨТКІЗЕДІ
/KASE, 21.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 22 желтоқсанында тұрақты даму саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен "Жауапты инвестициялау қағидаттары (PRI)" оқыту вебинарын өткізетіні туралы хабарлайды.
Семинардың басталуы – Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 15:00-де.
Іс-шара барысында сарапшылар жасыл және әлеуметтік облигацияларды шығару тәжірибесімен бөліседі, сондай-ақ PRI-ді ілгерілетудегі KASE рөлі туралы айтып береді.
Семинар спикерлері:
- Jonathan Grosvenor, Азия Даму Банкі (АДБ) Қазынашылық департаментінің клиенттік шешімдер басқармасы қазынашысының көмекшісі;
- Tomás Carruthers, Bourse Scot Limited (Project Heather) директоры және негізін қалаушысы;
- Виктор Литвинов, Эмитенттер мен KASE мүшелерінің мониторингі департаментінің директоры.
Қатысушыларға KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов құттықтау сөз сөйлейді.
Қатысу үшін сілтеме бойынша қысқа тіркеуден өту қажет толығырақ
KASE жұмыс істеп тұрған және әлеуетті эмитенттер мен инвесторлар үшін тұрақты негізде оқыту іс-шараларын өткізіп тұратынын еске саламыз.
[2021-12-21]