15 наурыз 2025, 23:38
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.11.2021 17:00 #Сауда-саттық ақпараты

"KASE Global" секторында 15 қарашадан 19 қарашаға дейінгі акциялармен сауда-саттық көлемі 54,1 млн теңге ($125,5 мың) құрады

/KASE, 24.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "KASE Global" секторында 2021 жылдың 15-19 қарашасындағы акциялармен сауда-саттық нәтижесін ұсынды.

-------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық Сауда-саттық көлемі,  Акциялар саны, дана. Мәміле саны, дана
коды                           USD                                       
------------ --------------------- -------------------- -----------------
MU_KZ                       41 366                  524                 6
BA_KZ                       28 399                  124                 4
T_KZ                        25 516                1 042                18
C_KZ                        11 754                  172                13
CRM_KZ                      10 043                   33                 1
AMZN_KZ                      3 555                    1                 1
JNJ_KZ                       2 288                   14                 4
NEM_KZ                       1 172                   20                 5
AMD_KZ                         614                    4                 3
COP_KZ                         295                    4                 2
ABT_KZ                         267                    2                 1
FCX_KZ                         162                    4                 2
AAL_KZ                          60                    3                 3
------------ --------------------- -------------------- -----------------
Барлығы                    125 489                1 947                63
-------------------------------------------------------------------------

Көрсетілген кезеңде "KASE Global" секторында шет елдік 1947 компаниялармен жалпы сомасы 54,1 млн теңге немесе $125,5 мың қаржыға 63 мәміле жасалды .

Сауда-саттықтың ең көп көлемі келесі акцияларға келді:

  • Micron Technology, Inc.US5951121038 (MU_KZ) – жалпы сомасы 17,8 млн теңге инемесе $41,4 мыңға 6 мәміле;
  • The Boeing Company US0970231058 (BA_KZ) – жалпы сомасы 12,2 млн теңге немесе $28,4 мыңға 4 мәміле;
  • AT&T Inc. US00206R1023 (T_KZ) – жалпы сомасы 11,0 млн теңге немесе $25,5 мыңға 18 мәміле.

2021 жылдың 15 қарашасында "KASE Global" секорында шетелдік эмитенттердің 25 ақцияларымен сауда-саттық ашылды, 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап – тағы да 12 бағалы қағаздармен.

Бастапқы кезеңде американдық биржаларда листингтен өткен және KASE ресми тізіміне енгізілген шетелдік акциялар осы секторда саудаға шығарылады, сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11:20-ден 22:00-ге дейін Т+2-де өткізіледі. Бағалы қағаздар АҚШ долларымен бағаланады.

[2021-11-24]