Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Jusan Mobile"АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 13.10.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Jusan Mobile"АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 115 738 дана;
- компанияның 2 386 898 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 54 015 жай акциясын және 10 024 артықшылықты акциясын кері сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "JUSAN VENTURES" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 2 332 883 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 93,22 %) бар.
[2021-10-13]