KASE БИРЖАНЫҢ 2019 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕРЕКШЕЛЕНГЕН МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫН ӨТКІЗДІ
/KASE, 28.02.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2020 жылдың 28 ақпанында Биржа мүшелерін 2019 жылдың қорытындысы бойынша марапаттау салтанатын өткізді.
Корпоративтік облигациялар нарығындағы "Жыл андеррайтері" номинациясы бойынша жеңімпаздар:
- "SkyBridge Invest" АҚ;
- "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ.
"Нарық көшбасшысы" номинациясында:
- "Фридом Финанс" АҚ – акциялар нарығында;
- "Фридом Финанс" АҚ – корпоративтік облигациялар нарығында;
- "Фридом Финанс" АҚ және "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ – мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында;
- "Ситибанк Казахстан" АҚ – шет елдік валюталар нарығында;
- "Сентрас Секьюритиз" АҚ – үлеспұл инвестициялық қорлар нарығында.
"Жыл маркет-мейкері" номинациясында марапатталғандар:
- "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ – акциялар нарығында;
- "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы -"BCC Invest" АҚ – корпоративтік облигациялар нарығында.
"Инвесторлаорды тартудағы айтарлықтай үлесі үшін" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ марапатталды.
"Эмиссиялық белсенділігі үшін" номинациясында марапатталды: "Қазақстан тұрақтылық қоры" АҚ ("Баспана" АҚ құқық мирасқоры) және Еуропа қайта құру және даму банкі.
Осы іс-шара бойынша толық ақпарат KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайында жарияланған.
"Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін жыл сайын марапаттау ережесі KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайында жарияланған.
KASE алғаш рет Биржаның ерекшеленген мүшелерін 2002 жылы маратпаттау өткізген. Алдыңғы жылдардағы номинация дипломанттарымен KASE интернет-сайтында – толығырақ мекен- жайында жарияланған.
[2020-02-28]