16 наурыз 2025, 01:19
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.08.2019 18:29 #Қаржы құралдары

09 тамыздан бастап "МеталлИнвестАтырау" АҚ KZ2P00006034 (MIATb1) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 09.08.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 17 шілдесіндегі шешімімен "МеталлИнвестАтырау" АҚ (Атырау) KZ2P00006034 (1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 3 жыл, жарты жылдық купон, жылдық 7,12 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді.

Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 09 тамызынан бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді.

Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады.

Аталмыш облигацияларға MIATb1 қысқарған белгісі (сауда-саттық кодтары) берілді.

Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында жуырдағы толығырақ MIAT/ мекен-жайында жарияланады.

[2019-08-09]