Сауда-саттық ақпарат

Болашақ листингілік компаниялар үшін

Болашақ листингілік компаниялар үшін

Қазақстанның қор нарығында бағалы қағаздарды қалай орналастыруға болатыны және листинг өткеннен кейін компанияның алдында қандай қаржылық мүмкіндіктер ашылатыны туралы көбірек біліңіз

IPO ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУ МАҚСАТЫ

Классикалық IPO (ағыл. – Initial Public Offering) – саны шектелмеген тұлғаларға сату үшін компанияның акцияларын қор нарығында бастапқы көпшіліктік орналастыру. IPO – бұл кез келген, қаржыландыру көзіне мұқтаж, компанияның дамуындағы табиғи және маңызды кезең

Акцияларды биржада бастапқы орналастыру бизнесті дамыту немесе инфрақұрылымды құру мақсатында ақша тарту үшін өткізіледі. Қор нарығына шығу – шығынды әрі беделді, сондықтан инвестициялық қаржыларды тартудың осы амалын әр компания үшін қолжетімді емес. Алайда орта мерзімді перспективада IPO компанияға бір қатар артықшылық береді, олар өз кезегінде оған шыққан шығындарды өтейді

  • тартылған қаржылан компанияның меншікті капиталын құрайды, бұл борыштық жүктемені арттыра түседі
  • қор нарығы компанияға инвесторлардың кең ортасына жол ашады;
  • көпшілік компаниясының нарықтық бағалауы пайда болады, әдетте ол жекеменшік компаниялардың бағасынан жоғары болады;
  • көпшілікке ақпараттар ашу және бағалы қағаздардың нарығында айналыста болу кәсіпорын үшін компания маркетингі және оның сауда-саттық маркасы үшін ұлттық арналарды ашады;
  • қолдағы бар акционерлердің акциялар пакетін айқындықпен сату мүмкіндігі;
  • Корпоративтік басқару практикаларын жақсарту

ІPO НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

1-2 апта
IPO үдерісін бастамалау
  1. Қаржылық кеңесшіні таңдау және тағайындау
  2. Қаржылық кеңесшінің көмегімен заң және өзге кеңесшілерді таңдай және тағайындау
  3. Анализ сроков IPO
    • компанияның артықшылық көретіндері
    • нарықтық "терезелер" / нарық конъюнктурасына талдау
  4. Тұрпаты мен орналастыру көлемін бекіту
    • Биржада көпшілікке орналастыру
    • Орналастырудың жалпы көлемі, соның ішінде жаңа акциялар және қолданыстағы акцияларды қайталап орналастыру
    • Қосымша орналастырудың опционы
  5. IPO үдерісін басқару үшін ұйымдастырушылық және оперативтік комитетті құру
2-12 апта
Компанияны дайындау
  1. Бизнес жоспарын құру
  2. Корпоративтік басқару принциптерін енгізу:
    • Қаржылық бақылау және есеп берушілік
    • Директорлар кеңесі
    • Тәуелсіз директорлар
    • Дивиденділік саясат
  3. Заң кеңесшінің компанияның Директорлар кеңесінің мүшесін көпшілік компаниясының директорларының міндеттері, міндеттемелері және жауапкершілігі туралы нұқсауландыру
  4. Корпоративтік өзгерістер үдерістерін аяқтау
12-20 апта
Кешенді сараптау және құжаттама
  1. Қаржылық кеңесшімен бірлесіп, компанияның инвестициялық стратегиясын әзірлеу
  2. Талдамашылық есепті құрастыру үшін қаржылық кеңесшінің талдаушысымен кездесу
  3. Әлеуетті инвеситорларға компанияның презентациясын дайындау
  4. Инвестициялық Меморандумды дайындау
  5. Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшімен бірлесіп инвесторларға, жұртшылыққа және компания қызметкерлеріне (қажетіне қарай) стратегияны әзірлеу
  6. Андеррайтинг туралы келісім-шартты жасасу
20-24 апта
Маркетинг, бөлу, орналастыру
  1. Инвесторларға арналған көшпелі презентациялар (roadshow) өткізу
  2. Ұсыным бағасы мен өтінімдер кітабын талқылау
  3. Инвесторлардың арасында акцияларға жазылым жүргізу (қор нарығында акцияларды орналастыру)
  4. Орналастыру нәтижелерін талдау
  5. Қайталама сауда-саттықтарды ашу
  6. Инвесторлармен байланысты қолдау