- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Tabadul Hub платформасында жұмыс істей бастады
KASE Tabadul Hub платформасында жұмыс істей бастады
14 ақпанда Алматыда "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың (KASE) ұйымдастыруымен Биржаның Әбу-Даби қор биржасы (ADX) іске қосқан Tabadul Hub халықаралық сауда-саттық алаңына қосылуына орай халықаралық конференция өтті.
Tabadul аккредитациядан өткен жергілікті брокерлер арқылы инвесторлардың қатысушы-биржаларда сауда-саттық жасау мүмкіндіктеріне еркін қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, капитал нарығын дамытуға ықпал етеді. Бұл бастама өтімділікті арттырады, нарыққа шығуға және инвестицияны әртараптандыруға ықпал етеді, сондай-ақ өңірлік нарықтар арасындағы байланысты нығайтады.
KASE мен ADX серіктестігі жаһандық инвесторлардың қазақстандық қаржы құралдарына еркін қол жеткізуіне жол ашады және қазақстандық инвесторлардың Tabadul Hub арқылы халықаралық нарықтарда шетелдік бағалы қағаздармен сауда-саттық жасауына жаңа мүмкіндіктер береді, нәтижесінде өтімділікті арттырып, инвестициялық ахуалды жақсартуға жағдай жасайды.