Сауда-саттық ақпарат

2024 жылғы биржалық нарық қорытындылары бойынша KASE баспасөз конференциясы

2024 жылдың 15 қаңтарында KASE биржалық нарықтың 2024 жылдың қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз конференциясын өткізді. Осы іс-шараға KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген және KACC Басқармасының Төрайымы Наталья Хорошевская қатысты.

KASE сауда-саттығының жиынтық көлемі 2024 жылы 389,1 трлн теңгені құрады және 2023 жылға қарағанда 5,3 %-ға немесе 21,7 трлн теңгеге төмендеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 33,2 %-ға 5 578,10 тармаққа дейін ұлғайды.

Акциялар нарығын капиталдандыру бір жылда 23,0 %-ға 32,9 трлн теңгеге дейін өсті. KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 1,6 %-ға 13,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2024 жылы листинг рәсімінен 32 жаңа эмитенттің бағалы қағаздары өтті: біреуі акциялар секторында, екеуі KASE Global секторында, 29 корпоративтік облигациялар секторында. 2025 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 262 эмитенттің 758 атадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздар болды.

Баспасөз конференциясында KASE Тобының 2025-2027 жылдарға арналған Стратегиясы ұсынылды. Сондай-ақ, KASE Клирингілік орталығының жұмысы қорытындыланды. 2025 жылдың 1 қаңтарына клирингілік қызмет көрсетуде 270 эмитенттің 1715 құралы бар.

Толығырақ ақпаратты link сілтемесінен қараңыз.