- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE алаңында FEAS Бас Ассамблеясының 40-отырысы өтті
KASE алаңында FEAS Бас Ассамблеясының 40-отырысы өтті
13 ақпанда Алматы қаласындағы KASE алаңында Еуро-Азия капитал нарықтары федерациясы (FEAS) Бас Ассамблеясының 40-отырысы өтті.
Іс-шара барысында FEAS мүшелері ұйымның атауын «Еуро-Азия қор биржалары федерациясы» орнына «Еуро-Азия капитал нарықтары федерациясы» деп өзгертуді бірауыздан мақұлдады. Бұл шешім қатысушылардың кең ауқымын қамту үшін FEAS қызметінің аясын кеңейтуді көздейді.
FEAS төрағасы Раду Ханга атап өткендей, ұйым жаңа атаумен және «FEASible Diversity» деген жаңа ұранмен өз тарихының жаңа белесіне өтіп жатыр, бұл сан қырлы болу жай ғана мақсат емес, инновацияның, тұрақтылық пен дамудың қозғаушы күші екенін білдіреді.
FEAS бас хатшысы Константин Сароянның айтуынша, мүше болудың «Қолдаушы серіктес» атты жаңа санатын енгізу де Федерация үшін маңызды қадам болды, бұл қоғамдастыққа қаржы делдалдарын, инвестициялық компанияларды, банктер мен технологиялық компанияларды тартуға мүмкіндік береді.
KASE Басқарма төрайымы және FEAS Жұмыс комитетінің төрайымы Алина Алдамберген Еуро-Азия капитал нарықтары федерациясының Бас Ассамблеясының 40-отырысын Биржа алаңында өткізудің маңыздылығын атап өтті.
«Ұйымның атауын ауыстыруды мақұлдау – ілгері жасалған маңызды қадам, ал мүше болудың жаңа санатын енгізу – жаңашылдыққа жасалған жаңа қадам, ол жаңа мүшелер үшін есік ашып қана қоймай, FEAS ұйымының капитал нарығындағы барлық ойыншы үшін серпінді және инклюзивті платформа болып қалатынына кепілдік береді», – деді Алина Алдамберген.
FEAS 1995 жылдың 16 мамырында құрылды, құрамында құрылтайшы 12 мүше болды. Федерацияның мақсаты – Еуро-Азия өңіріндегі ынтымақтастықты қолдап, капитал нарықтарын дамытуға, қолдауға және ілгерілетуге жәрдемдесу.