- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Биржа мүшелерін, листинг компанияларын және БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімін өткізді
KASE Биржа мүшелерін, листинг компанияларын және БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімін өткізді
2025 жылғы 14 ақпанда KASE ең үздік нәтиже көрсеткен Биржа мүшелерін, ашықтыққа ұмтылғаны үшін листинг компанияларын, сондай-ақ қор нарығы туралы ақпаратты белсенді түрде жариялағаны үшін БАҚ өкілдерін жыл марапаттау рәсімін өткізді. Марапаттау маңызды оқиға - Қазақстан қор биржасының (KASE) Tabadul цифрлық биржалық хабына қосылуына орай ұйымдастырылған KASE: Joining Tabadul Hub халықаралық конференциясы аясында өтті.
Аталған рәсімнің мақсаты - Қазақстан Республикасының қор нарығын дамытуға үлес қосқан нарық қатысушыларының кәсіби еңбегін атап өту.
Марапаттау мынадай негізгі номинациялар бойынша жүргізілді:
* Жылдың үздік андеррайтері;
* Нарық көшбасшысы;
* Үздік маркет-мейкер;
* Үздік қаржы консультанты;
* Инвестор тартуға қосқан үлесі үшін;
* ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы;
* Ашықтыққа ұмтылғаны үшін;
* 2023 жылдың үздік жылдық есебі және басқа.
🔸Сондай-ақ бірнеше номинация бойынша БАҚ өкілдері марапатталды:
* Қаржылық сауаттылықты арттырғаны үшін;
* Қор нарығы туралы кәсіби деңгейдегі мақалалары үшін;
* Қор нарығы туралы креативті мақалалары үшін;
* Қор нарығы туралы ең өзекті материалы үшін;
* Қор нарығы туралы мемлекеттік тілдегі мақалалары үшін.
Жеңімпаздардың толық тізімімен KASE ресми
сайтында
танысуға болады