- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE «Mogo Kazakhstan» МҚҰ» ЖШС арналған Эмитент күнін өткізді
KASE «Mogo Kazakhstan» МҚҰ» ЖШС арналған Эмитент күнін өткізді
23 қаңтарда «Mogo Kazakhstan» МҚҰ» ЖШС компаниясы KASE Эмитенті күні іс-шарасын өткізді, оның шеңберінде компания өкілдері 2024 жылдағы жұмысының қорытындысы, компанияның ағымдағы жағдайы, қаржылық көрсеткіштері, сондай-ақ 2025 жылдан 2028 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарлары туралы айтып берді.
Іс-шараға спикерлер ретінде қатысқандар:
• Азамат Сейітбеков – JetFinance компаниялар тобының негізін қалаушы және иесі;
• Андрей Варначкин – JetFinance компаниялар тобының бірлескен бас директоры;
• Никита Вильгелм – JetFinance компаниялар тобының қаржы директоры;
• Алексей Ноздрин – Borze.kz жобасының атқарушы директоры.
Эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры Әзиза Ордабаева құттықтау сөз сөйледі.
KASE эмитенттердің нарыққа қатысушылармен тікелей қарым-қатынас жасауы үшін алаң ұсына отырып, инвесторлармен сындарлы диалогты қолдайды. Эмитент күні сияқты осындай іс-шаралар инвесторларға компаниялардың қызметі, олардың стратегиялық жоспарлары және қаржылық нәтижелері туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл эмитенттер мен биржа нарығына қатысушылар арасындағы ашықтық деңгейін арттыруға, сенімді нығайтуға және ұзақмерзімді серіктестік қатынасты дамытуға ықпал етеді.
«Mogo Kazakhstan» МҚҰ» ЖШС микроқаржыландыру саласында белсенді жұмыс істейді және өзара іс-қимылға ашық және дайын екенін көрсетеді, бұл корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына және Биржа талаптарына сәйкес келеді.