- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE "Тұрақты даму құралдары мен Қазақстан эмитенттері үшін мүмкіндіктерді бағалауға S&P Global Ratings тәсілдері" вебинарын өткізді
KASE "Тұрақты даму құралдары мен Қазақстан эмитенттері үшін мүмкіндіктерді бағалауға S&P Global Ratings тәсілдері" вебинарын өткізді
2024 жылдың 07 қарашасында KASE S&P Global Ratings-пен бірлесіп "S&P Global Ratings-тің Қазақстан эмитенттері үшін орнықты даму құралдары мен мүмкіндіктерін бағалау тәсілдері" тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Вебинарда S&P Global Ratings "тұрақты қаржы" бағытының директоры Ирина Велиева спикер болды.
S&P Global Ratings ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа бойынша коммерциялық бөлімшесінің басшысы Елена Елисеенко құттықтау сөз сөйледі.
Вебинардың модераторы KASE эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс департаментінің директоры Әзиза Ордабаева болды.
Вебинар барысында қатысушылар тұрақты даму облигацияларының не екенін, ESG-облигациялар нарығының даму тенденцияларын, S&P Global Ratings "жасыл" және әлеуметтік облигацияларды бағалау тәсілін және эмитенттердің әртүрлі санаттары үшін ESG-қаржыландырудың қолжетімділігін талқылады.
KASE халықаралық және қазақстандық сарапшыларды шақыра отырып, үнемі оқыту іс-шараларын өткізеді, бұл Қазақстанның қаржы нарығына қатысушылардың өзекті мәселелер бойынша хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.