- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE "Инвесторлармен байланысты жақсарту: Қазақстандағы листингілік компанияларға арналған озық стратегиялар" тақырыбында вебинар өткізді.
KASE "Инвесторлармен байланысты жақсарту: Қазақстандағы листингілік компанияларға арналған озық стратегиялар" тақырыбында вебинар өткізді.
21 маусымда Қазақстан қор биржасы "Инвесторлармен байланысты жақсарту: Қазақстандағы листингілік компанияларға арналған озық стратегиялар" тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар спикері – Definition компаниясының басшысы, инвесторлармен байланыс жөніндегі үйлестіруші (IR) Рамон Педроса.
Рамон Педроса инвесторлармен байланыс философиясымен, Қазақстандағы IR-ге қатысты болжамдармен, инвесторлармен қарым-қатынас стратегиялары мен құралдарымен және инвесторлармен байланыстағы үздік тәжірибелермен байланысты ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, Спикер қазақстандық нарықтағы IR стратегиялық құндылығы және IR-дің листингілік компанияларға әсері туралы мәлімдеді.
Рамон Педроса – АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Орталық Азиядағы компаниялар үшін инвесторлармен байланыс стратегияларын әзірлейтін инвесторлармен байланыс және қоғаммен қаржылық байланыс жөніндегі халықаралық деңгейде танылған маман. Ол "Инвесторлармен байланыс философиясы" кітабінің авторы