- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE, KASE клиринг орталығы және ADX бас қосып, Tabadul Hub-ына қосылу туралы келісімге қол қойды
KASE, KASE клиринг орталығы және ADX бас қосып, Tabadul Hub-ына қосылу туралы келісімге қол қойды
Қазақстан қор биржасы (KASE), KASE клиринг орталығы (KACC) және Abu Dhabi Securities Exchange (ASX) Tabadul цифрлық биржалық хабына қосылу туралы келісімге қол қойды.
Аталған келісімге Қазақстан қор биржасы тарапынан KASE Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген және KASE клиринг орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Идель Сәбитов, ал ADX тарапынан СЕО Абдулла Алнуайми (Abdulla Alnuaimi) қол қойды. Іс шараға БАӘ қор нарығының және Tabadul Hub өкілдері қатысты.
KASE мен ADX серіктестігі жаһандық инвесторлардың қазақстандық қаржы құралдарына қол жеткізу мүмкіндігін арттырады және қазақстандық инвесторларға Tabadul Hub арқылы халықаралық нарықтардағы шетелдік бағалы қағаздармен сауда-саттық жүргізуіне жол ашады. Бұл нарықтың барлық қатысушылары үшін өтімділікті арттыруға және инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған маңызды оқиға.
ADX Tabadul сандық биржалық хабын 2022 жылдың шілдесінде іске қосты. Tabadul биржалар, реттеушілер, брокерлік фирмалар мен инвесторлар үшін орталық ретінде қызмет етеді және халықаралық нарықтардағы сауда-саттыққа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Платформа дәстүрлі бағалы қағаздармен электрондық сауда-саттықты қамтамасыз етеді; онда 1 миллионнан астам инвестор тіркелген. Ол банк, қаржы, энергетика және телекоммуникация сияқты көптеген секторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.