- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE IFC-мен бірлесіп жыл сайынғы Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу салтанатын өткізді
KASE IFC-мен бірлесіп жыл сайынғы Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу салтанатын өткізді
2024 жылғы 6 наурызда KASE IFC-мен бірлесіп жыл сайынғы Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу салтанатын өткізді, оның шеңберінде "Invest in Women: Accelerate Progress" тақырыбында пікірталас өтті.
🔸Бұл іс-шара тұрақты даму саясаты мен ESG қағидаттары контекстінде гендерлік инклюзивтілікті дамыту перспективаларына және гендерлік теңдікті қолдауға әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды.
🔸Рәсім барысында келесі тұлғалар сөз сөйледі:
- "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген;
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Айдын Дәулетбақ;
- "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ (ҚҚҚ) Кеңесінің Төрайымы Елена Бахмутова;
- IFC инвестициялық маманы және Таяу Шығыс, Орталық Азия және Түркия әйелдері арасындағы банк қызметі бойынша чемпион атағына ие Джерен Ожан.
🔸Сондай-ақ, IFC вице-президенті Эммануэль Ниринкинди және IFC гендерлік, экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі директоры Натали Габала бейне хабарлама жолдады.
🔸KASE 2015 жылы БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" – Sustainable Stock Exchanges Initiative бастамасына қосылып, Қазақстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету міндеттерін іске асырып келеді. Биржа әйелдердің тұрақты дамуы мен бизнесі үшін мүмкіндіктерін кеңейтуді, сондай-ақ олардың басшылық лауазымдарға қатысуын және елдің маңызды мәселелерін шешуге қатысуын белсенді қолдайды.