Сауда-саттық ақпарат

Биржа "Менің KASE-дегі портфелім" атты вебинарлар сериясын өткізді

2024 жылдың 08-24 қазаны аралығында Биржа бағалы қағаздар нарығының құралдары туралы хабардарлықты арттыру мақсатында "Менің KASE-дегі портфелім" тегін оқыту вебинарларының сериясын өткізді. Вебинарлар келесі тақырыптар бойынша өтті:

- Бағалы қағаздар нарығына кіріспе;

- Акцияларды таңдау;

- Облигацияларды таңдау;

- Инвестициялық қорларды таңдау (ИПҚ және ETF);

- Мерзімдік нарыққа кіріспе;

- Инвестициялық портфельді жасау.



Вебинарларда тыңдаушылар инвестициялаудың негізгі қаржы құралдары, активтерді әртараптандыру стратегиялары, тәуекелдерді талдау, жедел нарық жұмысының негіздері және т.б. туралы білді. Вебинарларда спикер ретінде KASE қызметкерлері де, қаржы нарығының сарапшылары да сөз сөйледі.

Оқыту вебинарларын KASE қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында жыл сайынғы негізде өткізеді. Олар бөлшек инвесторларға да, ЖОО студенттеріне, оқытушыларына және басқа да мүдделі тұлғаларға да бағытталған.