- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE "KEGOC" АҚ арналған "Эмитент күні" іс-шарасын өткізді
KASE "KEGOC" АҚ арналған "Эмитент күні" іс-шарасын өткізді
7 маусымда Қазақстан қор биржасы "KEGOC эмитенті күнін" іс-шарасын өткізді, онда "KEGOC" АҚ басшылығы 2024 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша компания қызметінің негізгі өндірістік және қаржылық нәтижелерін, инвестициялық тартымдылық факторларын және жобаларды іске асыру жоспарларын айтты.
Офлайн-іс-шарада KEGOC экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева компания кірісі мен акциялар бойынша инвестициялық кірістің өскенін, жылына екі рет акционерлерге дивидендтер төлеуге таза пайданың кемінде 60 % жіберу мүмкіндігін атап өтті, сондай-ақ бірыңғай сатып алушы нарығының және нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықтың тиімді жұмыс істеуі туралы айтып берді, ол 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді.
KEGOC стратегиясы және орнықты даму жөніндегі басқарушы директоры Эльвира Қонақбаева аудиториямен компанияның миссиясы және 2032 жылға дейінгі даму жоспарлары (стратегиялары), жасанды интеллектті пайдалана отырып, заманауи технологияларды енгізу және генерацияны дамыту жөніндегі, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері жөніндегі ауқымды жоспарларды интеграциялау үшін Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты іске асыру шеңберінде инвестициялық жобалар портфелін 2035 жылға дейін жаңарту туралы ақпаратпен бөлісті.
"Halyk Finance" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Табылдиев KEGOC-тың қаржылық жағдайы мен дивидендтік саясатына оң баға берді, сондай-ақ компания акцияларының құны бойынша болжамдарды айтып, олардың таяу перспективада өсу әлеуетін және халықаралық рейтингтік агенттіктердің расталған оң рейтингтерін атап өтті.
Іс-шараның модераторы KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мәжікенов болды.
"KEGOC" АҚ жоғары кернеулі магистральдық желілерге иелік ететін жүйелік оператор мәртебесіне ие, ол арқылы Қазақстанда өндірілген энергияның жартысынан көбі тасымалданады.