Сауда-саттық ақпарат

"ҚазТрансОйл" АҚ эмитент күні

2024 жылдың 13 қарашасында KASE "Эмитент күні" жобасы шеңберінде "2024 жылдың 9 айындағы "ҚазТрансОйл" АҚ қызметінің қорытындылары" тақырыбында "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен онлайн кездесу өткізді.

Іс-шараға Бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, сондай-ақ "ҚазТрансОйл" АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Іс-шараның модераторы KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов болды.

Эмитент өкілдері 2024 жылдың 9 айындағы өндірістік және қаржылық нәтижелер туралы айтып, компания қызметінің түрлі бағыттары туралы сұрақтарға жауап берді.

"ҚазТрансОйл" АҚ – транзит мақсатында және экспортқа мұнайды ішкі нарыққа тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін қазақстандық мұнай құбыры компаниясы. "ҚазМұнайГаз" ҰК еншілес ұйымы болып табылады. "ҚазТрансОйл" АҚ бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енгізілген.