Сауда-саттық ақпарат

KASE "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ "Эмитент күнін" өткізді

2024 жылғы 23 тамызда KASE онлайн-форматта "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-тың 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелеріне арналған Эмитент күнін өткізді.

Іс-шарада "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Диана Арысова есептік кезеңнің нәтижелерін ұсынды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Тасымалдау және логистика департаментінің директоры Ерболат Мендыбаев, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Бизнесті өндірістік жоспарлау, автоматтандыру және реинжиниринг басқармасының бастығы Мариям Игисенова және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Өндіруші активтер басқармасының бастығы Жігер Жокебаев Эмитент күніне қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Эмитент өкілдері Шымкент Мұнай өңдеу зауытында жүргізілген жөндеу жұмыстарының қорытындылары жөнінде және бұл өндірістің іске қосылуы Аи-92, Аи-95 маркалы бензинге, сондай-ақ дизель отынына деген қажеттілікті толығымен жабуға мүмкіндік бергенін мәлімдеді. "Taraz" және "Liwa" жаңа танкерлерін сатып алу Транскаспий бағытын дамытудағы маңызды қадам болды.

Іс-шараның модераторы – KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов.

Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енгізілген "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Қазақстанның мұнай-газ саласының ұлттық көшбасшысы болып табылады. Компания көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі толық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады.