- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Қазақстан қор биржасы "KASE Day in Bishkek" іс-шарасын өткізді
Қазақстан қор биржасы "KASE Day in Bishkek" іс-шарасын өткізді
04 маусымында Қазақстан қор биржасы Бішкекте (Қырғызстан Республикасы) "KASE Day in Bishkek" іс-шарасын өткізді.
🔸"KASE day in Bishkek" барысында Биржа өкілдері аудиторияға KASE қызметінің нәтижелері, қазақстандық биржалық нарықты дамыту перспективалары, KASE қаржы құралдары мен қызметтері, мәмілелер бойынша активтерді уақтылы алуға, тәуекелдерді басқаруға және құралдарды нақты уақыт тәртіптемесінде барабар бағалауға кепілдік беретін орталық контрагент туралы айтып берді.
🔸Негізгі спикерлер ретінде: KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов, "SQIF Capital" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Асильбеков және KASE эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс департаменті директорының орынбасары Әсел Байжанова сөз сөйледі.
🔸Іс-шараға Қырғыз ірі компанияларының өкілдері, эмитенттер, инвесторлар және жергілікті нарықтың кәсіби қатысушылары қатысты.