- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Home Credit Bank Эмитент күні
Home Credit Bank Эмитент күні
21 маусымда KASE алаңында "Home Credit Bank" АҚ Эмитент күні өтті.
Кирилл Бачваров бастаған банктің Топ-менеджерлері банктің және оның акционерлерінің - PPF Group қаржылық нәтижелері туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар, бизнестегі тәуекелдер, өнім желісі, өткен жылы іске қосылған ШОБ қосымшасы, банк облигацияларын шығару және орналастыру параметрлері туралы айтылды.
Эмитент күні аясында Қазақстанның жетекші қаржы сарапшыларының қатысуымен "2024 жылы Қазақстанның Макроэкономикасы және инвестициялық нарығы" тақырыбында панельдік пікірталас өтті.
Home Credit Bank – Fitch "BB-" рейтингі, "Тұрақты" болжамы бар Қазақстандағы жалғыз Еуропалық банк.
2023 жылы Банктің таза пайдасы 42%-ға ұлғайып, 24,7 млрд теңгеге жетті. Банктің активтері 823 млрд теңгеден асады, ал Банктің депозиттерінде қазақстандықтардың 387 млрд теңгеден астам (жеке тұлғалар мен компаниялар) қаражаты сақталуда.