- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE BI Development эмитентінің күні өткізді.
KASE BI Development эмитентінің күні өткізді.
2024 жылғы 18 қазанда сағат 11:00-де KASE "Эмитент күні" жобасы шеңберінде BI-Development Ltd жеке компаниясы KASE-де теңгелік және долларлық облигацияларды шығару мен орналастыруға байланысты институционалдық инвесторлар үшін презентация өткізді.
Институционалдық инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына арналған іс-шара.
Спикерлер BI Development Ltd. ЖК өкілдері, сондай-ақ қор нарығында эмитентпен жұмыс істейтін андеррайтерлер консорциумының өкілдері:
• Руслан Ембергенов, BI Development Ltd. ЖК қаржы директоры,
• Сәкен Абильмажинов, BI Development Ltd. ЖК корпоративтік қаржы және қазынашылық жөніндегі жетекшісі,
• Аманат Искаков, "BCC Invest" АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры,
• Роман Асильбеков, "Halyk Finance" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары,
• Санжар Оспанов, "Jusan Invest" АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің басқарушы директоры.
Іс-шараның модераторы KASE басқарма төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов болды.
BI-Development Ltd. ЖК Орталық Азия өңіріндегі тұрғын үй нарығындағы № 1 девелоперлік компания болып табылады (Fitch Ratings-тен "Тұрақты" болжамы бар "ВВ" халықаралық кредиттік рейтингімен), Қазақстандағы BI Group ірі инвестициялық-құрылыс холдингіне кіреді және Қазақстанның ірі қалалық агломерацияларындағы қазіргі заманғы тұрғын үй-жайларды салуға пен сатуға маманданған.