- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- 2024 жылдың 2 тоқсаны бойынша Town Hall
2024 жылдың 2 тоқсаны бойынша Town Hall
19 шілдеде KASE тобы SmArt.Point алаңында тоқсан сайынғы Town Hall кездесуін өткізді.
Town Hall – Биржалық топ басшылығының қызметкерлермен бас қосуына арналған алаң, іс-шарада Биржа басшылығы командамен биржалық нарықтар қызметінің нәтижелерімен бөліседі, сондай-ақ KASE Биржалық тобының стратегиялық жобаларын іске асыруға қатысты жұмыстар жөнінде мәлімет береді.
Кездесудің осындай форматы жетістіктерді атап өтуге, қызметкерлермен ашық диалогты жақсарту және қолдау үшін жаңа бағыттарды анықтауға арналған платформаны ұсынады.
Town Hall барысында KASE Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген Биржаның 2022-2024 жылдарға арналған стратегиясын іске асыруға қатысты нәтижелерге шолу жасап, қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындаудағы әрбір қызметкердің рөлі мен маңыздылығын атап өтті.
2024 жылдың басынан бері Биржа ұжымы 312 қызметкерге дейін толықты. KASE қызметкерлерінің орташа жасы – 38, бұл жас мамандарға таланты мен әлеуетін ашуға көптеген мүмкіндіктер береді.
Сонымен қатар, Town Hall аясында CheckDoc сарапшысы Әсел Туманова денсаулықты сақтау және энергияны толықтыру жолдарын және ағзаның жоғары төзімділігін сақтау үшін алдын ала Check Up диагностикасын уақтылы өту маңыздылығын айтты.