- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін "Биржалық симулятор" жобасын іске қосады
KASE қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін "Биржалық симулятор" жобасын іске қосады
Достар, 2024 жылғы 1 сәуірде Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен барлық ниет білдірушілер арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында іске қосылатын 16-шы "Биржалық симулятор" жобасына қосылыңыз.
"Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығының ресми ашылу рәсімі 2024 жылғы 8 сәуірде өтеді. Жоба 2024 жылғы 31 мамырға дейін жалғасады.
Жоба KASE Mobile мобильді қосымшасы арқылы іске қосылатын оқу сауда-саттық жүйесіндегі сауда-саттық нысанында іске асырылады. Жобаға қатысушылар 60-тан астам құралға инвестиция жасай алады және жергілікті компаниялардың ғана емес, сонымен қатар халықаралық танымал брендтердің акцияларын сатудың тәжірибелік дағдыларына ие болады.
"Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін:
-
электрондық тіркеу формасын толтырыңыз
-
Google Play және
App Store дүкендерінен KASE Mobile мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз
-
KASE Mobile арқылы қосылу жөніндегі нұсқаулықты зерттеңіз
Қосымша ақпарат алу үшін электрондық пошта мекен-жайларына хабарласыңыз:
bs@kase.kz немесе
customers@kase.kz.