- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "Бизнеске арналған KASE мүмкіндіктері" вебинары
"Бизнеске арналған KASE мүмкіндіктері" вебинары
Достар, сіздерді 2023 жылдың 17 ақпанында сағат 15:00-де онлайн өтетін "Бизнеске арналған KASE мүмкіндіктері" вебинарына шақырамыз.
Вебинарда KASE эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс департаментінің оқыту бағдарламаларының үйлестірушісі Шынар Елубаева сөз сөйлейді, ол бизнеске арналған қор нарығының құралдары, олардың түрлері мен артықшылықтары туралы әңгімелейді.
Сондай-ақ, спикер "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Басқарушы директоры Әлия Ағыбаева болады, ол қор нарығына шыққан кезде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпаратпен бөліседі.
"Eco Product Company" ЖШС кеңесшісі Әлібек Саимов аудиторияға ШОБ қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде алдағы облигациялар шығарылымы, халықаралық ойыншылар тарапынан жобаға қызығушылық, сондай-ақ Қазақстанда инвесторлар нарығын дамытудың және бизнес өкілдерінің инвесторлармен өзара іс-қимылында сенім құрудың маңыздылығы туралы айтып береді.
Вебинар кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру және олардың бизнесті қаржыландыру үшін қор нарығының құралдары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында өткізіледі.
Қатысу үшін
сілтеме арқылы тіркеліңіз.