- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Биржа "KASE-дегі менің портфелім" кешенді оқыту бағдарламасын аяқтады
Биржа "KASE-дегі менің портфелім" кешенді оқыту бағдарламасын аяқтады
Достар, Биржа жетекші брокерлік компаниялардың сарапшыларының қатысуымен жүзеге асырылған "KASE-дегі менің портфелім" кешенді оқыту бағдарламасын аяқтады.
Оқу барысында тыңдаушылар келесі тақырыптар бойынша алты пайдалы вебинарға қатысты:
1. Бағалы қағаздар нарығына кіріспе;
2. Акцияларды таңдау;
3. Облигацияларды таңдау;
4. Инвестициялық қорларды таңдау (ИПҚ және ETF);
5. Мерзімді нарыққа кіріспе;
6. Инвестициялық портфельді құру.
Қатысушылар арасында өткізілген сауалнаманың нәтижелері бойынша бағдарламаға қанағаттану индексі 10-нан 9,2 құрады және сауалнамаға қатысқандардың 100% - ы бұл бағдарламаны достары мен таныстарына ұсынуға дайын.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және келесі вебинарларға қатысуға шақырамыз!