- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Қазақстан қор биржасы IFC-мен бірлесіп жыл сайынғы Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттық ашудың салтанатты рәсімін және "DigitALL: Women in FinTech" пікірталасын өткізді
Қазақстан қор биржасы IFC-мен бірлесіп жыл сайынғы Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттық ашудың салтанатты рәсімін және "DigitALL: Women in FinTech" пікірталасын өткізді
2023 жылдың 06 наурызында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа, KASE) халықаралық қаржы корпорациясымен (бұдан әрі – IFC) бірлесіп жыл сайынғы Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттық ашу салтанатын өткізді, оның шеңберінде "Digitall: women in FinTech" тақырыбында пікірталас өтті.
Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттық ашу салтанаты әлемдік қоғамдастықтың назарын тұрақты даму саясаты мен ESG принциптері контекстінде гендерлік инклюзивтілікті дамыту перспективаларына және гендерлік теңдікті қолдауға аударуға бағытталған.
"Digitall: women in FinTech" тақырыбындағы пікірталас цифрландыру мен IT технологияларды дамыту контекстінде гендерлік инклюзивтілікті қолдауға байланысты тақырыптарды талқылаған цифрлық технологиялар және финтех саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен өтті.
KASE бұл рәсімді, KASE 2015 жылы қосылған, БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" –Sustainable Stock Exchanges Initiative бастамасын іске асыру шеңберінде 6-шы рет өткізуде. Бұл акцияны бүкіл әлем бойынша дәстүрлі түрде UN Women, халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), "Әйелдер және биржалық индекстік қорлар" ұйымы және Дүниежүзілік биржалар Федерациясы қолдайды. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 100 ден астам биржалар UN SSE бастамасы аясында гендерлік теңдікке арналған сауда саттықтың ашылу салтанатты рәсімін өткізеді.
Сауда-саттықты ашу салтанатты рәсімін өткізу қазақстандық қаржы қоғамдастығы үшін жақсы дәстүрге және қазіргі заманғы бизнес жағдайындағы гендерлік әртүрлілік тақырыбындағы диалог алаңына айналды.
"Тұрақты қор биржалары" бастамасы қызметінің бағыттарының бірі ұйымдардың БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін гендерлік теңдікті ілгерілетуде атқара алатын негізгі рөліне назар аудару, жеке сектордағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қаржыландыруға қол жеткізу туралы хабардарлықты арттыру болып табылатынын атап өту маңызды.
Гендерлік инклюзивтілік бойынша бас күн тәртібі бар іс-шара Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткізілді.
Жыл сайынғы Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттықты ашу салтанатында Қазақстан қор биржасының Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрайымы Мадина Әбілқасымова, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" ЗТБ (ҚҚҚ) Кеңесінің Төрайымы Елена Бахмутова, Орталық Азия бойынша IFC өңірлік менеджері Кассандра Колберт және және Қазақстандағы "БҰҰ-Әйелдер" өкілі Мария Доценко құттықтау сөз сөйледі.
Халықаралық іс-шарада "Digitall: women in FinTech" пікірталасында спикерлер ретінде Қазақстан қор биржасының Басқарма Төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская, Kazpost Digital СЕО және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі Әсем Нұрғалиева, "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Эльмира Распекова, "Қазақтелеком" АҚ-ның Бас қаржы директоры және Басқарма мүшесі Людмила Атамұратова сөз сөйледі, "Halyk Finance" АҚ IT жөніндегі басқарушы директоры Әсел Марченко, Beeline Қазақстан өнімдерін дамыту жөніндегі директоры Салтанат Жанұзақова, Қазақстан қор биржасының бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша Team lead Юлия Якупова сөз сөйледі.
"Halyk Bank" АҚ Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова және Қазақстандағы "БҰҰ-Әйелдер" өкілі Мария Доценко гонгқа соққы берді.
Қазақстан қор биржасының Басқарма төрағасының орынбасары Жайнар Саржақов KASE-де сауда-саттық жүргізу техникасы мен сатылатын құралдар туралы айтып берді.
Іс-шарада қатысушылар корпоративтік басқарудағы гендерлік теңдікті жақсартудың, IT технологияларын дамыту контекстіндегі гендерлік инклюзивтілікті қолдаудың маңыздылығын, сондай-ақ әйелдер іске асыратын табысты жобалар мен олар үшін кредит беру бағдарламаларының құндылығын талқылады.
Іс-шарада финтех-компаниялардағы көшбасшылық позицияларда көбірек әйелдерді тарту және ұстап тұру, олардың сараптамасын сақтау және тұрақты оқыту, FinTech индустриясындағы әйелдер алдында тұрған сын-қатерлер және қаржы нарығындағы IT трендтер тақырыптарына ерекше назар аударылды.
Анықтама үшін
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы болып табылады. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші орында және FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша бесінші орында.
Бұл корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, шетел валюталары, ақша нарығының операциялары – репо және своп, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда алаңы. KASE халықаралық биржалар Федерациясының (WFE), Еуро-Азия қор биржалары Федерациясының (FEAS) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі, сондай-ақ БҰҰ-ның "Тұрақты даму үшін қор биржалары" бастамасының қатысушысы болып табылады.