- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС арналған KASE "Эмитент күні"
"Кредит Time" МҚҰ" ЖШС арналған KASE "Эмитент күні"
2023 жылдың 09 ақпанында сағат 11:00-де KASE "Эмитент күні" жобасы аясында "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС өкілдерімен "Компаниямен танысу және алдағы шығарылым туралы ақпарат" тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.
"Кредит Time" МҚҰ" ЖШС Бас директоры Сұлтан Айтжанов пен бизнесті дамыту жөніндегі директор Ерғали Жангелдин компанияның негізгі қаржылық көрсеткіштері, шығарылым көлемі 1 млрд теңге және орналастыру мерзімі 3 жыл болатын ұлттық валютадағы облигацияларды жоспарлы орналастыру шарттары, сондай-ақ ХҚҰ нарығының трендтері туралы айтып берді.
Іс-шара инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін "Эмитент күні" жобасы шеңберінде өткізілді.