- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Акциялар нарығындағы бөлшек инвесторлар арасында KASE конкурсының қорытындысы жарияланды
Акциялар нарығындағы бөлшек инвесторлар арасында KASE конкурсының қорытындысы жарияланды
KASE 2023 жылғы 10 қазан мен 10 қараша аралығында Қазақстан Республикасындағы өкілдік тізімнің – KASE Индексінің, сондай-ақ KASE Global секторының акциялар нарығында бөлшек инвесторлар арасында конкурс өткізді.
Конкурс Қазақстан Республикасында биржалық сауда-саттықты ілгерілетуге бағытталған және KASE-ге мүше брокерлік ұйымдардың клиенттері болып табылатын жеке тұлғалар арасында өткізілді.
Конкурсқа KASE-ге мүше 4 брокерлік ұйымның клиенттері болып табылатын 131 бөлшек инвестор қатысты.
Конкурсты өткізу кезеңінде оның қатысушылары 485 млн 854,082 мың теңге сомасына 5448 мәміле жасасты.