Сауда-саттық ақпарат

"Бағалы қағаздарға салық салу және декларациялау" вебинары

Достар, KPMG Кавказ және Орталық Азия сарапшыларымен "Бағалы қағаздарға салық салу және декларациялау" онлайн-вебинарына шақырамыз, бұл іс-шараны KASE 2023 жылдың 10 наурызында сағат 15:00-де өткізуді жоспарлап отыр.

Спикерлер:

- Әсел Низамиева, KPMG Кавказ және Орталық Азия салық-заң департаментінің директоры;

- Сымбат Пайзханов, KPMG Кавказ және Орталық Азия салық-заң департаментінің менеджері;

- Инна Алхимова, Серіктес, KPMG салық және заң практикасының жетекшісі Кавказ және Орталық Азия.

Іс-шарада KPMG Кавказ және Орталық Азия өкілдері әңгімелейді:

- жеке тұлғалардың бағалы қағаздарға салық салудың және декларациялаудың жалпы қағидалары туралы;

- биржалық бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтерге салық салу жөніндегі өзгерістер туралы;

- ЖТС бойынша декларацияны толтыру туралы (240.00-нысан).

Вебинар бөлшек жеке тұлға инвесторлардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізіледі.

Мына сілтеме бойынша вебинарға тіркеліңіз.