- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Шымкентте қазақстандық брокерлердің "KASE FEST" үшінші жәрмеңкесі өтті
Шымкентте қазақстандық брокерлердің "KASE FEST" үшінші жәрмеңкесі өтті
2023 жылғы 13 қазанда KASE Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің алаңында қазақстандық брокерлердің "KASE FEST" үшінші жәрмеңкесін өткізді.
KASE, «Самұрық-Қазына» АҚ, «KEGOC» АҚ және брокерлік компаниялардың өкілдері іс-шараға қатысушыларға қор нарығына инвестициялау, оның ішінде SPO мүмкіндіктері, брокерлік компаниялармен әрекеттесу, «KEGOC» АҚ қызметінің нәтижелері және «Биржалық симулятор» оқыту сауда-саттығы туралы баяндады. Сонымен қатар қатысушылар шеберлік сыныптары мен ойындарға қатысып, түрлі жүлделерге ие болды.
Жәрмеңкеде «Қазпошта» АҚ, «SkyBridge Invest» АҚ, «Фридом Финанс» АҚ, «Jusan Invest» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «BCC Invest» АҚ сияқты ірі брокерлік компаниялардың өкілдері болды. Жалпы алғанда іс-шараға 650 ұйымның өкілдері қатысты.
Аталған іс-шара KASE-нің 30 жылдығына және "Биржалық симулятор" жобасының 15 жылдығына орай, сондай-ақ Дүниежүзілік қор биржалары федерациясының (WFE) World Investor Week 2023 жыл сайынғы бағдарламасын, "Ring The Bell for Financial Literacy" рәсімін және SPO KEGOC акцияларын қосымша орналастыруды қолдау мақсатында жүзеге асырылуда.