- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ эмитент күнін өткізді
KASE "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ эмитент күнін өткізді
2023 жылдың 23 тамызында KASE онлайн-форматта 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелерге арналған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ эмитент күнін өткізді.
Іс-шарада "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова есепті кезеңнің нәтижелерін ұсынды. Компания Басқарма төрағасының орынбасарлары Болат Закиров пен Дмитрий Макеев және Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры Ержан Әбілханов Эмитент күніне қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараның модераторы KASE Басқарма Төрағасының кеңесшісі Дәурен Тасмағамбетов болды.