- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "KEGOC" АҚ-ДАҒЫ "ЭМИТЕНТ КҮНІ"
"KEGOC" АҚ-ДАҒЫ "ЭМИТЕНТ КҮНІ"
2023 жылдың 17 тамызында сағат 11:00-де KASE Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, "Press room KASE" залы мекенжайында "KEGOC Эмитент күні" іс-шарасын өткізеді.
Сіздерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз, онда KEGOC компаниясының өкілдері 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтің негізгі қорытындылары, өндірістік және қаржылық көрсеткіштер туралы әңгімелейді, сондай-ақ инвесторлардың сұрақтарына жауап береді.
KEGOC спикерлері:
- Қаржы және есеп жөніндегі Басқарушы директор
Айгүл Әкімбаева;
- Пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі Басқарушы директор
Ермаханбет Атакулов;
- ҰЭЖ жүйелік қызметтер және даму жөніндегі басқарушы директоры
Нұржан Керімқұлов.
Іс-шараға қатысу үшін деректеріңізді e-mail арқылы жіберіңіз: customers@kase.kz. Сондай-ақ, сіздер осы мекен-жайға сізді қызықтыратын сұрақтарды спикерлерге жібере аласыздар.
Итоги деятельности АО «KEGOC» за первое полугодие 2023 года.