- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE алаңында "KEGOC" АҚ акцияларымен сауда-саттықтың ашылу салтанаты
KASE алаңында "KEGOC" АҚ акцияларымен сауда-саттықтың ашылу салтанаты
2023 жылғы 10 Қарашада KASE алаңында "KEGOC" АҚ акцияларымен сауда-саттықтың ашылу салтанаты офлайн және YouTube-те онлайн трансляция форматында өтті.
Салтанатты рәсімде KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген, ҚНРДА Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева, "KEGOC" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Нұрлан Аханзарипов, "SkyBridge Invest" АҚ Басқарма Төрағасы Шолпан Айнабаева сөз сөйледі.
Іс-шараның модераторы KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк болды.
"KEGOC" АҚ SPO қорытындысы бойынша KASE сауда-саттық жүйесіне 18,7 млрд теңге тартылды, бұл жалпы орналастыру көлемінің 82,4%-ын құрайды. "KEGOC" АҚ-ның KZ1C00000959 (KEGC) жай акцияларына KASE-де жазылу барысында инвесторлардан жалпы сомасы 28,8 млрд теңгені құрайтын 37 445 өтінім түсті. KASE ұсынысына сұраныс 127 % құрады.
SPO қорытындысы бойынша KASE сұранысының жалпы көлемінің 64,9% қанағаттандырылды.