- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE және Green Investment Group өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
KASE және Green Investment Group өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
2023 жылдың 07 сәуірінде "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) және Green Investment Group (GIG) өзара ынтымақтастық туралы Меморандум (Меморандум) жасасты.
Меморандумның мақсаты Қазақстанның қор нарығында орнықты даму қағидаттарын дамыту және енгізу болып табылады.
Ынтымақтастық шеңберінде GIG KASE-де облигациялар шығаратын эмитенттер үшін өтеусіз негізде "жасыл"/әлеуметтік/тұрақты облигациялардың бес шығарылымының халықаралық стандарттарға сәйкестігіне тәуелсіз кепілдік береді.
Меморандум ESG-облигацияларын шығаруға мүдделі компанияларға ESG-жобаларын құрудың әлемдік тәжірибесіне сәйкес әдіснамалық қолдау мен консультациялар беруге, тұрақты даму мәселелерін ілгерілетуге бағытталған іс-шараларға қатысуға және оқытуға жәрдемдесуді көздейді.
Аталған құжат тек ірі компаниялардың ғана емес, сонымен қатар шағын және орта капиталдандыру компанияларының ESG-облигацияларын шығару арқылы қаржыландыру арқылы Қазақстанда "жасыл", әлеуметтік және тұрақты жобалардың дамуына ықпал ете алады.
Анықтама үшін
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы болып табылады. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші орында және FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша бесінші орында.
Бұл корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, шетел валюталары, ақша нарығының операциялары – репо және своп, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда алаңы. KASE халықаралық биржалар Федерациясының (WFE), Еуроазиялық қор биржалары Федерациясының (FEAS) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі, сондай-ақ БҰҰ-ның "Қор биржалары тұрақты даму үшін" бастамасының қатысушысы болып табылады.
GIG – тұрақты даму саласында жұмыс істейтін және стратегиялық жоспарлау, "жасыл" және әлеуметтік қаржыландыру саласындағы жобаларды іске асыратын консалтингілік компания. "Жасыл" қаржы саласындағы үздік консалтингтік компания номинациясы бойынша Green Finance Award 2021 сыйлығының иегері болып табылады.