- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Қазақстан қор биржасы "KASE Day in Tashkent" іс-шарасын өткізді
Қазақстан қор биржасы "KASE Day in Tashkent" іс-шарасын өткізді
2023 жылғы 28 сәуірде "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа) "Өзбекстан республикалық валюта биржасы" АҚ (бұдан әрі – UZCE) және "Тошкент" республикалық қор биржасы" АҚ көмегімен Өзбекстан Республикасында "KASE Day in Tashkent" іс-шарасын өткізді.
Іс-шара мүшелік алу мүмкіндіктері, өзбек компаниялары үшін қазақстандық қор нарығында қаржыландыруды тарту және KASE нарықтарына уақытша бос қаражатты инвестициялау шарттары туралы ақпарат беруге бағытталған.
"KASE Day in Tashkent" барысында Биржа өкілдері аудиторияға KASE қызметінің нәтижелері, қазақстандық биржа нарығының даму перспективалары, қаржы құралдары мен KASE қызметтері, нақты уақыт режимінде мәмілелер бойынша активтерді уақтылы алу, тәуекелдерді басқару және құралдарды барабар бағалауға кепілдік беретін орталық контрагент (ОК) туралы айтып берді.
Негізгі спикерлер ретінде: KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген, UZCE Бас директоры Рашид Усманов, "Фридом Финанс" АҚ Басқарма Төрағасы Сергей Лукьянов, KASE эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс департаментінің директоры Зарина Әбітаева, "Halyk Finance" АҚ Қаржылық кеңес беру және андеррайтинг департаментінің Корпоративтік қаржы басқармасының бастығы Алтынай Ибраимова сөз сөйледі.
Шараға Өзбекстанның ірі компанияларының өкілдері, эмитенттер, инвесторлар және жергілікті нарықтың кәсіби қатысушылары қатысты.
Анықтама үшін
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Орталық Азия аймағындағы жетекші қор биржасы болып табылады. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші, ал FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша бесінші орында.
Бұл корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, шетел валюталары, ақша нарығындағы операциялар – репо және своп, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда алаңы. KASE Халықаралық биржалар федерациясының (WFE), Еуро-Азия қор биржалары федерациясының (FEAS) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі, сондай-ақ БҰҰ-ның "Тұрақты даму үшін қор биржалары" бастамасының қатысушысы болып табылады.